Иманбаев Қадырбек Сағынбекұлы, 1969 жылғы 5 желтоқсанда Ақтөбе облысында дүниеге келген. Ұлты — қазақ.

1990 жылы Ақтөбе мемлекеттік медициналық институтының «Емдеу ісі» факультетіне оқуға түсіп, 1997 жылы аяқтады. 1997–1999 жылдары Ақтөбе мемлекеттік медициналық академиясының базасында «Хирургия» мамандығы бойынша клиникалық ординатурадан өтті.

2006 жылы «Қоғамдық денсаулық сақтау. Әлеуметтік гигиена және денсаулық сақтауды ұйымдастыру» мамандығы бойынша кандидаттық диссертация қорғады.

2016 жылы қайта даярлаудан өтті. «Жалпы хирургия» мамандығы бойынша жоғары санатты дәрігермін.

Орыс тілін еркін меңгергенмін.

 

Мемлекеттік наградаларым:

– 2017 ж. — «Гиппократ» медалі

– 2018 ж. — «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау ісінің үздігі» медалі

– 2019 ж. — Ақтөбе облысы әкімінің алғыс хаты

 

Әскери атағы — запастағы офицер.

Жауапкершілікке тартылмаған, аттестациядан өтпеген.

Қазіргі уақытта ШЖҚ «Көпсалалы облыстық аурухана» КМК басшысы қызметін атқарамын